Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Бәрі қымбат»: Үкіметте азық-түлік бағасына қатысты кеңес өтті

exclusive.kz

«Бәрі қымбат»: Үкіметте азық-түлік бағасына қатысты кеңес өтті

Бүгін Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу (ӘМАТ) мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев дыл басынан бері ӘМАТ 22,3%-ға, аптаның қорытындысы бойынша 0,2%-ға өскенін айтты. Атап айтқанда, пияз бағасы 1,7%-ға, қырыққабат – 0,9%-ға, күріш – 0,8%-ға, сүзбе – 0,7%-ға, жұмыртқа мен сүт – 0,5%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4%) және Астана қаласында (25%) байқалды. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта баға қалыптасуының бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйеленіп, олардың құрамы күшейтілген. Әлихан Смайылов бағаны ұстап тұрудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мемлекеттік тетіктердің жұмысы қайта форматталғанын атап өтті. Сондай-ақ премьер-министр жаңа жыл қарсаңында жағдайды тұрақтандыру үшін бағаны ұстап тұрудың жаңа тәсілдерін толыққанды іске асыруды, сондай-ақ бір ай мерзімінде қосымша заманауи көкөніс қоймаларын салу мәселелерін пысықтауды тапсырды. – Инфляцияның жоғары қарқыны экономиканың үдемелі дамуына мүмкіндік бермейді және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Осыған байланысты келесі жылы оны 2 есеге төмендету бойынша жұмыс – ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұл жұмыста формалдылық болмауы тиіс, — деді Смайылов.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024