Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Владислав Челах «Арқанкерген» оқиғасына қатысты Тоқаевқа хат жазды

exclusive.kz

Владислав Челах «Арқанкерген» оқиғасына қатысты Тоқаевқа хат жазды

2012 жылы «Арқанкерген» шекарасында 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жағдай туралы куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді. Азаттық мәліметінше, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челах Тоқаевтан өзін тыңдауын сұрады. – Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды, – деп жазды Челах президентке хатында. Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды мойындаған «Арқанкерген» шекарашысы Владислав Челах анықталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманы өртеп жіберген. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
5 мая 2024