Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Екібастұздағы жылу электр станциясында апат болып, халық жылусыз қалды

exclusive.kz

Екібастұздағы жылу электр станциясында апат болып, халық жылусыз қалды

Бүгін Екібастұздағы жылу электр орталығында жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты су жылыту қазандықтары істен шықты. Оқиға орнында барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды. Қазіргі Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталған. , басқа да зақымдануларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салайық бұған дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласы тұрғындарының Екібастұз ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы туралы шағымдары бойынша ҚР Энергетика министрлігі құрамында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің және әкімдіктің өкілдері бар Арнайы комиссия (Комиссия) құрған болатын. Станцияны аралау барысында ЖЭО басшылығына жөндеу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Жалпы, электр станциясында 5 энергетикалық және 5 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 1 бу турбинасы орнатылған. – Комиссия жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін ерекше атап өтті, ол 70%-дан асады. Жылу құбырларының қазіргі тозуы жылу желілеріндегі, әсіресе жылыту маусымдарының басында жыл сайынғы жоғары апаттылықтың негізгі себебі болып табылады. Жылу желілері құбырларында жөндеу жұмыстарының қажетті және жеткілікті көлемін жүргізуге әсер ететін негізгі жүйелі проблемалардың бірі жылу энергиясына қолданыстағы төмен тариф болып табылады. Жылу құбырларының жалпы ұзындығы 342 км., жыл сайын шамамен 3-4 км.жылу желілері ауыстырылады. Ақпарат ретінде, табиғи монополиялар субъектілерінің жылу энергиясын өндіру және беру тарифтерін белгілеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құзыретіне жатпайтынын және табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жөніндегі мемлекеттік органның құзыретіне жататынын хабарлаймыз, – деп хабарлады Энергетика министрлігінен. Фото: sputnik
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024