Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады

exclusive.kz

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады

Қарашығанақта мұнай өндіру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ірі мұнай-газ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілетін болады. – 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған, – деп жазылған хабарламада. Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны – Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. Кен орны 1979 жылы ашылған. Мұнай қоры 1,2 млрд. тонна, газ қоры 1,35 трлн.текше метрді құрайды.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
24 мая 2024