Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Сарыағашта әл-ауқаты төмендерге тегін таратылатын киім-кешек берілмеген

exclusive.kz

Сарыағашта әл-ауқаты төмендерге тегін таратылатын киім-кешек берілмеген

Түркістан облысында мектеп формасына қатысты дау туды. Бұған себеп Сарыағаш ауданында әл-ауқаты төмен отбасыларға жыл сайын тегін берілетін киім-кешектің биыл берілмеуі. Көпбалалы аналардың айтуынша, «Баланы мектепке дайындауға қалтамыз көтермейді» деп шенеуніктерге келгенімен, оларды жауапсыз қайтарады екен. Топ болып жиналған әйелде аудан әкімдігінің алдына жиналып шу шығарды. – Биыл мынандай заң шығарыпты ғой. Мектепте дене шынықтыру сабағынан бөліпбөліп қойған. 4-сыныптан 8-ші сыныпқа дейін. Қызыл түс кисін, сосын 8-ші сыныптан жоғарыға қарай тағы басқа түс кисін дейді. Біз форма алып бере алмай жатқанда, қызыл спорттық киімді қайдан тауып береміз? Тамағын тауып бере алмай жатқан атааналар бар арамызда. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз, – деді Сарыағаш ауданының тұрғыны Ділнұр Кәрімбаева. КТК телеарнасының мәліметінше, бұл жағдайдан кейін аудан әкімі келді. Айтуынша, биылға дейін мектеп формасымен қамтамасыз ету еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндеті болған. – Жаңа ғана мектеп формасы бойынша мен білім басқармасының басшысымен сөйлестім. Бүгінде бізде мектеп формасы жетім балалар, сосын қамқоршысыз қалған балаларға қарастырылған екен. Ол беріледі деп отыр. Сосын атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға қарастырылатын формаға байланысты тиісті ұсынысты біз мемлекетке жіберіп қойдық деп хабарлады өзі, – деді Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев. Фото: КТК
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024