Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

kt.kz

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қосымбаев Тимур Ернатұлы 1989 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі. 2011 - 2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Кездесуде Президент Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" деп жариялаған. Осыған байланысты елімізде жыл бойына аталған тақырыпта форумдар өткізіледі. Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын "Әжелер мектебінің" ашылғаны жайлы айтылды. Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ораза айында ұйымдастыратын шаралары туралы мәлімет берілді. Наурызбай қажы алдағы уақытта Түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің Алқасы құрылатынын жеткізді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару процесін оңтайландырады, азаматтардың облыс орталығына барып-қайтуын жеңілдетеді, ішкі көші-қон мәселесін реттеуге септігін тигізеді. Екі өңірдің дамуына қуатты серпін береді, деп атап өтті Қ.Бозымбаев. Облыс әкімінің айтуынша, маңызы бар әкімшілік-аумақтық бірліктердің жаңа шекаралары және басқа да географиялық деректер көрсетілген схемалық карта дайындалып, Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Экономикалық есептеулер жасалып, Алматы және Жетісу өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша талдау материалдары дайындалды. Қолданыстағы штат санын қайта бөлу және мемлекеттік органдарды орналастыру үшін объектілерді айқындау жұмыстары басталды. Көшуге байланысты шығындарды, соның ішінде қызметтік үй-жайларды жалдау, көтерме жәрдемақы төлеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін тұрғын үй жалдау және басқа да шығындарды қаржыландырудағы бірқатар проблемалық мәселелер де айтылды. Осыған байланысты есептеулер жүргізілуде, республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілетін болады. Сессия барысында сөз алған депутаттар бір ауыздан облыстарды бөлу туралы Президент бастамасын қолдап, бұл қос өңірдің де тиімді дамуына мүмкіндік беретінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің наурыз айындағы жолдауында елімізде екі жаңа облыс: Абай және Ұлытау облыстарын құруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Алматы облысы Жетісу және Алматы облыстарына бөлінеді. Қазақстанда жаңа облыстар бірінші жартыжылдықтың соңында пайда болады деп күтілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Ведомствоның мәліметінше, Корея Республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет. Бұдан басқа, Корея Республикасына сапар шегетін азаматтарға осы елде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының консулдық мекемелерінде алдын ала нақтылауға кеңес беріледі. Бұған дейін Оман қазақстандықтар үшін визалық режимді өзгерткені туралы хабарланған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақты параметрлері жайында мәлімет берді. Сонымен қатар іс-шарада бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент Әкімшілігіне еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Ақпарат көзі: tengrinews.kz Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Алматыдағы несиелік тұрғын үйлерді ("Нұрлы дала" ТК және Наурызбай ауданындағы "Алма Сити 5" ТК, Алатау ауданындағы "Мәдениет" шағын ауданы) Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасы салған және заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған. Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Президент Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобын құруды тапсырды. Жұмыс тобына бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдау тапсырылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық. Үндеудің мәтінін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Мемлекет басшысы үндеуде осыдан тура 30 жыл бұрын дәл Алматы қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы тарихи келісімге қол қойылғанын атап өткен. Сондай-ақ ел Президенті осы жылдар ішінде бұл бірегей институт Достастық кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастық жүйесінде ерекше рөл атқарғанына назар аударған. Мемлекет басшысы парламентаралық диалог экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлермен күресу және қауіпсіздікті нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруға үлкен үлес қосатынын айтқан. Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024