Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстандықтар Украинаға құны 100 млн теңге гуманитарлық көмек жібереді

exclusive.kz

Қазақстандықтар Украинаға құны 100 млн теңге гуманитарлық көмек жібереді

"Ел болашағы" азаматтық бастамасының ұйымдастыруымен 5 күн ішінде Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 100 млн теңге жиналды. Бұл туралы штаб мүшесі Тоғжан Қожалиева мәлімдеді. Украинаға көмектесу үшін құрылған штабқа 500-ге жуық ерікті тіркелген. - "Украина біз сенімен біргеміз" штабын құрып, оған қазақстандықтар 100 миллион теңгеден астам сома аударды. Бұл – бес күн ішінде жиналған сома. Бүгін менің картама тағы 8 миллион теңге келіп түсті. Үндістан азаматына тиесілі LS-Pharm компаниясы бізге қол ұшын созды. Әртүрлі ұлт өкілдері көмегін аяп жатқан жоқ", – деді Тоғжан Қожалиева. Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты. Сондай-ақ, жиналған қаражат тек Украинаға көмекке жұмсалатынын жеткізді.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
5 мая 2024