Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті

matritca.kz

Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті

Қарағандыда Балаларды қорғау күні саябақтағы тегін аттракцион жанында төбелес болды.Әйелдер балаларын карусельге отырғызуға өзара таласқан. Адам көп жиналғандықтан кезектің соңы дау-дамайға ұласқан.Бір күн бұрын әкімдік сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін ойнай алатынын хабарлады.Оқиғаның мән-жайын әкімдік өкілі түсіндірді.«Орталық саябақта тұрғындар карантин нормаларын сақтамады. Сондықтан Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – дейді әкімдік өкілі.Саябақ қызметкерлері әйелдерді сабырға шақырғанымен, оларды ешкім тыңдамады. Қарағанды
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024